KES құрылғыларының сертификаттары негізінде түпнұсқалықты тексеруді қосу

KES құрылғыларының сертификаттары негізінде түпнұсқалықты тексеруді қосу үшін:

  1. Басқару сервері орнатылған клиент құрылғысының жүйелік тізімдемесін, мысалы, жергілікті түрде БастауОрындау мәзіріндегі regedit пәрменінің көмегімен ашыңыз.
  2. Келесі бөлімге өтіңіз:
    • 32 разрядты жүйе үшін:

      HKEY_LOCAL_MACHINE\SOFTWARE\KasperskyLab\Components\34\.core\.independent\KLLIM

    • 64 разрядты жүйе үшін:

      HKEY_LOCAL_MACHINE\SOFTWARE\Wow6432Node\KasperskyLab\Components\34\.core\.independent\KLLIM

  3. LP_MobileMustUseTwoWayAuthOnPort13292 атты кілт жасаңыз.
  4. REG_DWORD кілт түрін көрсетіңіз.
  5. 1 кілт мәнін белгілеңіз.
  6. Басқару сервері қызметін қайта іске қосыңыз.

Нәтижесінде, жалпы сертификатты қолдану арқылы KES құрылғысының сертификаттары негізінде түпнұсқалықты міндетті түрде тексеру, Басқару сервері қызметі іске қосылғаннан кейін қосылатын болады.

KES құрылғысын Басқару серверіне бірінші рет қосқан кезде сертификаттың болуы маңызды емес.

Әдепкі бойынша, KES құрылғыларының сертификаттары негізінде түпнұсқалықты тексеру мүмкіндігі ажыратылған.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Ұялы құрылғыларды басқаруды орналастыру

Басына оралу